Елена Рыбакина АҚШ-тағы кездесуінде 9 минутта жеңіске жетті

Елена Рыбакина

Елена Рыбакина

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өткен «Эйзенхауэр кубогында» топ жарды. Бұл турнир WTA 1000 жарыстарының алдында өтетін дәстүрлі жарыс.

Рыбакина Тейлор Фрицпен жұптасып, Даниил Медведев пен Аманда Анисимованы 10:4 есебімен жеңді. Кездесу бар болғаны 9 минут созылды. Медведев пен Анисимова бастапқыда турнирге қатыспауы керек еді. Олар жарақат алған Стефанос Циципас пен Паула Бадосаның орнына шықты.

Бастапқыда Фрицпен жұп құруы тиіс теннисші – әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко болатын. Алайда оның орнына Рыбакина қатысып, турнир жеңімпазы атанды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру