КПЛ жаңа маусымындағы аншлаг: «Астана» – «Қайрат» ойыны рекорд жаңартты

КПЛ

КПЛ

Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымы жоғары көрермен жинаумен басталды. Алғашқы турдың жеті матчына жалпы саны 42 353 жанкүйер келді, орташа есеппен әр ойында 6 050 көрермен болды.

Турдың басты кездесуі – «Астана» мен «Қайраттың» (1:1) ойыны рекорд орнатты. «Астана Аренаға» 26 153 адам жиналды, бұл КПЛ тарихындағы ең көп көрермен жинаған матч болды.

Дегенмен барлық ойын бірдей қызығушылық тудырған жоқ. «Қызылжар» мен «Жетісудың» (1:1) кездесуі, Костанайда өткеніне қарамастан, бар-жоғы 200 адам жинап, турдың ең аз көрермен келген ойыны атанды.

1-тур матчтарындағы көрермен саны:
«Астана» – «Қайрат» (1:1) – 26 153 (КПЛ рекорды)
«Ордабасы» – «Ақтөбе» (0:0) – 7 000
«Тобыл» – «Ұлытау» (2:0) – 3 000
«Тұран» – «Оқжетпес» (2:0) – 2 500
«Қайсар» – «Жеңіс» (0:0) – 2 000
«Атырау» – «Елімай» (2:1) – 1 500
«Қызылжар» – «Жетісу» (1:1) – 200 (тур антирекорды)

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру