Жәнібек Әлімханұлының бокс кешінде тағы екі қазақстандық жұдырықтасады

Жәнібек Әлімханұлы

Жәнібек Әлімханұлы

5 сәуірде өтетін Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен ұйымдастырылатын бокс кешіне тағы екі қазақстандық боксшы қосылады. Бұл кеште Сұлтан Зәуірбек пен Батыр Жүкембаев рингке шығатыны белгілі болды.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар бұл шоуға Садриддин Ахмедов пен әйгілі британдық боксшы Лиам Смитті тартуға тырысуда. Қазіргі уақытта екі боксшымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Жәнібек Әлімханұлының бокс кеші жанкүйерлер үшін маңызды оқиғалардың бірі болғалы тұр. Егер келіссөздер сәтті аяқталса, қазақстандық жанкүйерлер Садриддин Ахмедовтың да жекпе-жегін тамашалай алады.

Бокс кешінің толық қатысушылары мен жекпе-жек кешінің басты жекпе-жегі туралы ақпарат алдағы күндері белгілі болады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру