Қазақстандық боксшылар өзбек чемпиондарын рингке шығармай «жеңді»

Федерация бокса Узбекистана

Федерация бокса Узбекистана

Софияда (Болгария) өтіп жатқан «Кіші әлем чемпионаты» саналатын Странджа-2025 турнирінде өзбек боксшылары Абдумәлік Халоков пен Асадхожа Муйдинхожаев жекпе-жекке шыға алмады. Бұл туралы Өзбекстан бокс федерациясы хабарлады.

Халоков 1/8 финалда 60 келі салмақта қазақстандық Серік Теміржановпен кездесуі керек еді. Алайда кәсіби мансабындағы екінші жекпе-жегінің мерзімі өзгергендіктен, спортшы Испанияға аттанып, турнирге қатысудан бас тартты.

Ал Муйдинхожаев 67 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырханға қарсы шығуы тиіс болатын. Алайда жарыс алдында алған жарақатынан толық айыға алмағандықтан, ол да шаршы алаңға шықпады.

Осылайша, қазақстандықтар — Серік Теміржанов пен Төрехан Сабырхан — қарсыластарымен кездеспей-ақ ширек финалға жолдама алды. Ал алғашқы жарыс күнінде Өзбекстан атынан тек Самандар Олимов қана рингке шықты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады