Жәнібек Әлімханұлы: «Біздің мақсат — Qazaq style-ды тарихта қалдыру»

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы

WBO мен IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы барлық төрт чемпиондық белбеуді жеңіп алып, әлемдік бокс тарихында өз ізін қалдырғысы келетінін айтты.

— Біздің жоспар — Qazaq style-ды тарихта қалдыру, төрт белбеудің бәрін жинап, әлемнің ең мықты боксшыларымен жұдырықтасу. Міне, Qazaq style деген осы, — деді Әлімханұлы YouTube-тағы «Azamat Sport» арнасына берген сұхбатында.

5 сәуірде Астанада Жәнібек Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссенгемен жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде қазақстандық боксшының чемпиондық белбеулері сарапқа салынады. Сарапшылардың айтуынша, бұл айқас Әлімханұлының абсолют чемпион атағына бір қадам жақындай түсуіне үлкен мүмкіндік болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру