«Тобыл» Конференция лигасындағы жолын аяқтады

Фото: ФК Тобол
Қостанайдың «Тобыл» клубы Конференция лигасындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қазақстандық команда үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынында Белградтың «Партизан» клубына 1:2 есебімен есе жіберді. Ойынның 6-минутында Ислам Чесноков Луис Герраның пасын тиімді пайдаланып, әдемі соққымен есеп ашты. Екінші таймның басында сербиялық команда таразы басын теңестірді. 47-минутта Стефан Митрович баспен соққы жасап, допты қақпаға бағыттады. «Тобыл» қақпашысы Сұлтан Бусурманов допты қайтаруға тырысқанымен, ол қақпа сызығынан өтіп кетті.
Ойынның шешуші сәті қосымша уақытта болды. «Партизан» шабуылшысы Чака Траоре өз мүмкіндігін мүлт жібермей, командасына жеңіс әкелген голды соқты. Осылайша, кездесу 2:1 есебімен «Партизанның» пайдасына аяқталды. Белградта өткен алғашқы матчта да сербиялық клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Екі ойынның қорытындысы бойынша «Партизан» 5:1 есебімен келесі кезеңге өтті. Сербиялық клуб Конференция лигасының келесі раундында испаниялық «Хетафемен» кездеседі. Ал «Тобыл» биылғы еурокубок маусымындағы жолын осы кезеңде аяқтады.


