Мейірім Нұрсұлтанов тамыз айында титулдық жекпе-жек өткізуі мүмкін

Мейирим Нурсултанов. Фото: meiirim.nursultanov/Instagram
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов жаздың соңында шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Америкалық инсайдер Буг Уильямстың мәліметінше, қазақстандық боксшының ықтимал қарсыласы орта салмақтағы WBC уақытша чемпионы Хесус Рамос болады.
Дереккөздің хабарлауынша, бұл жекпе-жек 22 тамызда Лас-Вегаста өтетін кәсіпқой бокс кешінің андеркардына енгізілуі мүмкін. Кештің басты оқиғасы Роландо Ромеро мен Теофимо Лопес арасындағы титулдық кездесу болады деп жоспарланған. Дегенмен Нұрсұлтанов пен Рамос арасындағы жекпе-жек әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мерей Ақшалов та Мейірім Нұрсұлтановтың тамыз айында рингке оралуы ықтимал екенін айтқан болатын. Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBC рейтингінде бірінші орында тұр және чемпиондық жекпе-жекке негізгі үміткерлердің бірі саналады.
Мейірім Нұрсұлтанов соңғы ресми жекпе-жегін 2023 жылы өткізген. Егер Хесус Рамоспен кездесу ресми түрде бекітілсе, қазақстандық былғары қолғап шебері ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралып, WBC чемпиондық белбеуі үшін күресін жалғастыруға мүмкіндік алады.
Асу Алмабаев UFC рейтингінде жетінші орынға көтерілді
Криштиану Роналду ӘЧ-2026 турнирінде тарихи рекорд орнатты
