Шон Стрикленд Ақ үйдегі UFC турниріне қатыса алмайтынын мәлімдеді

Шон Стрикленд

UFC ұйымының бұрынғы орта салмақтағы чемпионы Шон Стрикленд Ақ үйде өтетін алдағы турнирге қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Америкалық файтер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«АҚШ-тағы жалғыз ерлер арасындағы чемпионға Ақ үйге кіруге тыйым салынды», – деп мәлімдеді Стрикленд.

Әзірге мұндай шешімнің нақты себептері ресми түрде жарияланған жоқ. Бұған дейін спортшы саясат пен қоғамдағы түрлі мәселелерге қатысты өткір пікірлерімен жиі назар аударған болатын.

Ақ үйдегі UFC турнирі 15 маусым күні өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Илия Топурия мен Джастин Гэтжи кездеседі.

Ал қосалқы басты айқаста Алекс Перейра мен Сирил Ган ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық атақ үшін күш сынасады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру