Юлия Путинцева «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты

Юлия Путинцева

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Әлемнің 76-ракеткасы «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің алғашқы айналымында WTA рейтингінде 58-орында тұрған австралиялық Талия Гибсонды жеңді.

Кездесу үш сетке созылып, 4:6, 6:4, 6:1 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 2 сағат 20 минут өткізді.

Айта кетейік, бұған дейін спортшылар өзара бір рет кездескен болатын. Сол матчта да қазақстандық теннисші 1:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Турнирдің екінші айналымында Путинцева колумбиялық Мария Осорио мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар