«Реалдың» бірде-бір ойыншысы Испания құрамасының ЧМ-2026 тізіміне енбеді

«Реал»

Фото: Europa Press via Getty Images

Мадридтік «Реалдың» бірде-бір футболшысы Испания құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған соңғы құрамына енген жоқ, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ұлттық құраманың ресми тізімі 25 мамыр күні жарияланды. Осылайша «Реал» ойыншылары ұзақ жылдардан кейін алғаш рет Испания құрамасының әлем чемпионатындағы тізімінен тыс қалды.

Бұған дейін мадридтік клуб футболшылары Испания қатысқан барлық 16 әлем чемпионатында ұлттық құраманың сапында болған еді. Соңғы ұқсас жағдай Луис Энрике баптаған Еуро-2020 турнирінде тіркелген. Ал бұған дейін мұндай оқиға тек 1920 жылы Антверпен Олимпиадасында болған.

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте әлем чемпионатына 13 клубтан 26 футболшыны шақырды.

Ең көп өкіл «Барселонадан» енді. Тізімге Жоан Гарсия, Пау Кубарси, Эрик Гарсия, Гави, Педри, Даниэль Ольмо, Ферран Торрес және Ламин Ямаль кірді.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Испания құрамасы топтық кезеңде Сауд Арабиясы, Кабо-Верде және Уругвай құрамаларымен ойнайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді
16 Окт - 08:41 Футбол
«Рига» қорғаушысы «Қайратпен» тең ойыннан кейін пікір білдірді
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр