Александр Бублик Женевадағы турнирдің финалына шыға алмады

Александр Бублик

Фото: пресс-служба ФТК

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Женевада өтіп жатқан ATP-250 турниріндегі өнерін жартылай финалда аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Финал жолдамасы үшін өткен матчта әлемнің 10-ракеткасы саналатын қазақстандық теннисші америкалық Лёрнер Тьенмен кездесті. АҚШ өкілі ATP рейтингінде 20-орында тұр.

Кездесу үш сетке созылып, америкалық спортшының 6:1, 4:6, 7:6 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Матч 1 сағат 37 минутқа жалғасты.

Бұл теннисшілер арасындағы екінші кездесу болды. Бұған дейін олар Римдегі турнирде жолығып, ол матчта да Лёрнер Тьен жеңіске жеткен еді.

Енді америкалық теннисші турнир финалында аргентиналық Мариано Навонеге қарсы ойнайды.

Женевадағы жарыстың жалпы жүлде қоры 612 620 еуроны құрайды. Турнир жеңімпазы 93 175 еуро мен ATP рейтингінің 250 ұпайына ие болады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру