Қазақстандық дзюдошылар Олимпиада жолын Моңғолиядағы турнирден бастайды

Елдос Сметов

Фото: Eurosport

Улан-Баторда өтетін Grand Slam турнирі Қазақстан дзюдошылары үшін 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу кезеңінің бастамасы болады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Моңғолия астанасындағы жарыс 19-21 маусым аралығында өтеді. Турнирде Қазақстан құрамасының атынан 20 спортшы татамиге шығады.

Құрама сапына ұлттық команданың көшбасшылары Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин, Галия Тынбаева және Камила Берлікаш енді. Олар Олимпиада рейтингіне қажетті ұпайлар үшін күресті бастайды.

Қазақстан құрамасының келесі халықаралық жарысы 26-28 маусым күндері Қытайдың Циндао қаласында өтетін Гран-при турнирі болады.

Қытайдағы турнирдің басты оқиғаларының бірі — Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің татамиге қайта оралуы болмақ. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының өтініміне Гусман Кыргызбаев пен Әбиба Әбужақынова да енгізілді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
19 Авг - 17:15 Күрес
Қазақстан құрамасының Будапешттегі Grand Slam турниріне алдын ала құрамы белгілі болды
07 Авг - 17:23 Күрес
Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі
20 Июл - 12:53 Күрес
Қазақ дзюдошылары жастар арасындағы Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
20 Июл - 11:12 Күрес
Қазақстан балуандары Венгриядағы рейтингтік турнирде үш медаль жеңіп алды
07 Июл - 11:43 Күрес
Бейбарыс Сұлтан дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды
06 Июл - 14:04 Күрес
Қазақстандық балуандар күрестен U20 Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады
26 Июн - 13:45 Күрес
Гусман Кыргызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің ширек финалына шықты
26 Июн - 10:55 Күрес
Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирін жеңіспен бастады
08 Июн - 10:55 Күрес
Қазақстан дзюдошылары Эстониядағы турнирді жүлдесіз аяқтады
06 Июн - 09:15 Күрес
Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды