Конор Макгрегор UFC-ге ресми түрде оралады

Фото: MMA Fighting
Ирландиялық файтер Конор Макгрегор UFC-дегі келесі жекпе-жегін өткізетіні ресми түрде белгілі болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл туралы ұйым президенті Дана Уайт мәлімдеді.
Макгрегор 11 шілде күні өтетін UFC 329 турнирінде октагонға шығады. T-Mobile Arena кешенінде ұйымдастырылатын кеште оның қарсыласы америкалық Макс Холлоуэй болады.
Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді. Бұл Холлоуэй үшін 77 келіге дейінгі дивизиондағы алғашқы айқас болмақ.
Конор Макгрегор соңғы рет 2021 жылдың жазында жұдырықтасқан еді. Сол кезде ол аяғын жарақаттап алып, Дастин Порьеге есе жіберген болатын. Содан бері ирландиялық файтер UFC-ге қайта оралғысы келетінін бірнеше рет айтқан. Ал Макс Холлоуэй биыл наурыз айында UFC 326 турнирінде Чарльз Оливейраға төрешілер шешімімен жеңілді.
Айта кетейік, бұл Макгрегор мен Холлоуэй арасындағы екінші кездесу болады. Олар алғаш рет 2013 жылы кездесіп, сол жекпе-жекте Конор Макгрегор төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен еді.
Николай Веретенников UFC турнирінде нокаутпен жеңілді
Фрэнсис Нганну MVP турнирінде қарсыласын нокаутқа жіберді
