Николай Веретенников UFC турнирінде нокаутпен жеңілді

Фото: Zuffa LLC
Қазақстандық ММА файтері Николай Веретенников Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 276 турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның қарсыласы америкалық Калинн Уильямс болды.
Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Америкалық файтер техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл Веретенников үшін аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабындағы сегізінші жеңіліс болды. Қазақстандық спортшының еншісінде 14 жеңіс бар.
Сонымен қатар Николай UFC-дегі соңғы үш жекпе-жегінің екеуінде жеңіліп отыр. UFC Fight Night 276 турнирі АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтіп жатыр.



