Анна Данилина Римдегі WTA-1000 турниріндегі жарысын аяқтады

Анна Данилина

Фото: VCG

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Римде өтіп жатқан WTA-1000 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға дейін жетті.

Жартылай финал жолдамасы үшін өткен матчта Данилина америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге ресейлік Мирра Андреева мен Диана Шнайдер жұбына қарсы ойнады. Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды.

Алғашқы сетте қазақстандық-америкалық жұп 6:4 есебімен жеңіске жетті. Алайда кейін қарсыластары ойын тізгінін өз қолына алып, келесі екі партияны 6:3, 11:9 есебімен аяқтады.

Осылайша Анна Данилина мен Эйжа Мухаммад Италиядағы топырақ төсенішіндегі турнирдегі жарысын ширек финалда аяқтады. Римдегі турнирдің жалпы жүлде қоры 8,3 миллион доллардан асады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру