Фаниль Рафиков жаңа салмақ дәрежесіне ауысатынын мәлімдеді

Фаниль Рафиков. Фото: NAIZA FC
Қазақстандық ММА файтері Фаниль Рафиков салмақ дәрежесін ауыстыру туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Спортшының октагонға оралуы күзге жоспарланып отыр.
Файтер бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, енді мансабында жаңа кезең басталмақ.
«Жетістік пен даңқ ешқашан құламауда емес, қанша рет құласаң да қайта тұрып, алға жүруде. Күзде жаңа дивизионда, жаңа қалыпта кездесеміз», — деп жазды Рафиков.
Фаниль Рафиков соңғы жекпе-жегін 25 сәуір күні Ростов-на-Донуда өткен Fight Nights турнирінде өткізген болатын. Жеңіл салмақтағы Гран-при жартылай финалында ол ресейлік Андрей Гончаровқа төрешілердің бірауыз шешімімен жол берді.



