Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев әлемдік рейтингте төмендеді

Елдос Сметов

Елдос Сметов

Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінен кейін жаңартылған әлемдік рейтингте төмен түсті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алты сатыға төмендеп, қазір 29-орында тұр. Олимпиададан кейін қазақстандық спортшы ресми халықаралық жарыстарға қатысқан жоқ.

Ал Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақта үш орынға төмендеп, 18-сатыға жайғасты. Астанадағы Grand Slam турнирінде ол жарысты 1/8 финалда аяқтаған болатын.

Qazaqstan Barysy Grand Slam қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сегіз медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын, екеуі күміс және төртеуі қола жүлде болды. Жалпыкомандалық есепте қазақстандық дзюдошылар Ресей мен Франция құрамаларынан кейін үшінші орын алды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
05 Окт - 19:51 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
05 Окт - 12:42 Күрес
Нұрқанат Серікбаев Бакудегі әлем чемпионатындағы жолын аяқтады
08 Сен - 13:47 Басқа Күрес
Арман Оспанов Шымкент қаласының күрес федерациясында жаңа қызметке тағайындалды
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды
28 Авг - 08:03 Күрес
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алды
24 Авг - 08:30 Басқа Күрес
Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы әлем чемпионатының командалық финалына алғаш рет шықты
19 Авг - 17:15 Күрес
Қазақстан құрамасының Будапешттегі Grand Slam турниріне алдын ала құрамы белгілі болды
07 Авг - 17:23 Күрес
Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі
20 Июл - 12:53 Күрес
Қазақ дзюдошылары жастар арасындағы Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды