Қазақстан Кубогының жартылай финалистері анықталды

ФК Женис

Фото: ФК Женис

Астана, Ақтөбе, Қызылорда және Шымкент қалаларында Қазақстан Кубогының ширек финал матчтары өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Кездесулер қорытындысы бойынша турнирдің жартылай финал жұптары белгілі болды.

Финал жолдамасы үшін «Ордабасы» мен «Алтай», сондай-ақ «Жеңіс» пен «Қайсар» кездеседі. Бұған дейін «Қайрат» пен «Астана» жарысты 1/8 финалда аяқтаған еді. Ал ширек финалдан кейін қазіргі трофей иегері «Тобыл» да турнирден шығып қалды.

Қостанайлық клуб Қызылордада өткен матчта «Қайсарға» пенальти сериясында жол берді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Бақдәулет Қоңлымқос мергендік танытса, «Тобыл» құрамында Дәурен Жұмат есепті теңестірді. Пенальти сериясында қызылордалықтар 5:3 есебімен жеңіске жетті.

«Жеңіс» өз алаңында «Қызылжарды» 2:0 есебімен жеңді. Гол авторлары — Элдер Сантана мен Адилио дос Сантос. «Ордабасы» болса Давид Абаньяның голының арқасында «Жетісудан» 1:0 есебімен басым түсті. Ал «Ақтөбе» мен «Алтай» арасындағы матч ең тартысты кездесу болды. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында өскемендік клуб жеңіске жетіп, сенсациялық түрде жартылай финалға шықты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар