Аңсарбек Ғайнуллин дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
Қазақстандық дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Қола медаль үшін өткен белдесуде Ғайнуллин молдовалық Влад Митрудан басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлдеге ие болса, Шерзод Давлатов қола медаль алған еді.
Алдыңғы мақала:
Жалғас Қайролла дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржынына алтын медаль салдыКелесі мақала:
Шон Стрикленд Хамзат Чимаевті жеңіп, UFC чемпионы атанды
