Александр Бублик Галледегі ATP-500 турниріне қатысатынын растады

Александр Бублик

Фото: Eurasia Sport Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтетін ATP-500 турниріне қатысатынын растады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Шөп төсенішіндегі жарыс 15–21 маусым аралығында өтеді.

Бублик турнирге қазіргі чемпион ретінде қатысады. Өткен жылы қазақстандық теннисші финалда әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп, титулды жеңіп алған еді.

Бұл турнир дәстүрлі түрде Уимблдон алдындағы маңызды дайындық жарыстарының бірі саналады. Александр Бублик үшін бұл бәсеке чемпиондық атағын және рейтингтік ұпайларын қорғауға мүмкіндік береді.

Турнирге сондай-ақ Даниил Медведев, Андрей Рублев, Александр Зверев, Бен Шелтон, Тэйлор Фриц, Феликс Оже-Альяссим, Флавио Коболли, Фрэнсис Тиафо, Жоао Фонсека және Ник Кириос қатысатынын растады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру