Елена Рыбакина Страсбург турниріне қатыспайды

Елена Рыбакина. Фото: Пресс-служба ФТК
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Страсбургте өтетін WTA 500 турниріне қатыспайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол өткен жылғы титулын қорғамайды.
Қазақстандық спортшы 17–23 мамыр аралығында өтетін жарысқа өтінім бермеген. Бұл турнир «Ролан Гаррос» басталардан бір апта бұрын өтеді.
Осы шешімге байланысты Рыбакина өткен жылы жеңіс үшін алған 500 рейтингтік ұпайынан айырылады. Бұл оның әлемдік рейтингтегі орнына әсер етуі мүмкін.
Қазіргі таңда Рыбакинаның әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан айырмасы шамамен 1500 ұпайды құрайды.



