Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен спарринг өткізді

Жанкош Тураров

Жанкош Тураров

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиыны аясында WBO чемпионы Кишон Дэвиспен спарринг өткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жаттығудан кейін америкалық спортшы өз әсерімен бөлісті.

Тұраровтың айтуынша, жаттығудан кейін олар әңгімелесіп, жақсы қарым-қатынас орнатқан. Дэвис қазақстандық боксшылардың физикалық қуатын атап өтіп, оны өзінше түсіндірген.

«Сендер, қазақтар, күштісіңдер, өйткені жылқы етін жейсіңдер», — деді америкалық боксшы.

Қазіргі уақытта Тұраров АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынын жалғастырып жатыр. Дайындық алдағы жекпе-жектерге бағытталған.

Соңғы кездесуін ол 2025 жылдың қыркүйегінде Алматыда өткізіп, филиппиндік Али Канеганы жеңген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру