Бублик Майамидегі турнирде Берреттиниге жол берді

Фото: ZUMA Press Wire
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Майамиде өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің екінші айналымында италиялық Маттео Берреттиниден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Кездесу 20-нан 21 наурызға қараған түні өтті.
Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған және турнирде 10-нөмірмен тіркелген Бублик Италия өкілімен кездесті. Матч барысында Берреттини ойын тізгінін өз қолында ұстап, екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.
Осылайша, Маттео Берреттини турнирдің үшінші кезеңіне өтті. Келесі айналымда ол Монако өкілі Валентен Вашеро мен аргентиналық Мариано Навоне арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Турнир АҚШ-та хард жабынында өтуде.
Теннисшілер арасындағы жеке кездесулер тарихында бұл үшінші матч болды. Олар алғаш рет 2017 жылы Стамбулда кездесіп, онда Берреттини жеңіске жеткен. 2021 жылы Анталиядағы турнирде Бублик қарымта қайтарып, есепті теңестірген еді. Ал Майамидегі матчтан кейін италиялық теннисші қайтадан алға шықты.
Рыбакина Майамидегі турнирде Путинцеваны жеңді
«Қайрат» пен «Семей» УЕФА рейтингінің үздік ондығына енді
