Әлімханұлының менеджері IBF және WBO шешімдеріне қатысты түсініктеме берді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан спортшының чемпиондық белбеулеріне қатысты IBF және WBO ұйымдарының шешімдері туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Команда өкілі жанкүйерлерге үндеу жасап, жағдайдың мән-жайын түсіндірді.
Оның айтуынша, Халықаралық бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды. Мұндай шешімнің қабылдануына міндетті титулдық қорғау мерзімінің өтіп кетуі себеп болған. Менеджердің сөзінше, әлемдік ұйымдардың талаптарының ішінде ең қатаң ережелердің бірі IBF тарапынан қойылады және белгіленген мерзімде титулды қорғау мүмкін болмағандықтан белбеу бос деп жарияланған.
«Ассалаумағалейкум, қымбатты достар, „Qazaq Style“ жанкүйерлері мен қолдаушылары. Қалайсыздар? Соңғы уақытта түрлі жаңалықтар шығып жатыр, сіздер оны оқып, көріп отырсыздар. Команда атынан және өз атымнан осы жағдай туралы ресми түрде түсініктеме бергім келеді. Негізгі мәселе — IBF белбеуі. IBF Жәнібекті әлем чемпионы атағынан айырды. Себебі төрт түрлі ереженің ішінде ең қатаңы осы ұйымға тиесілі. Белбеуді қорғау мерзімі аяқталғандықтан, олар титулды алып қойды. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бірақ Аллаға шүкір, WBO титулы бізде қалды. Қазір Жәнібек — орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Бұл қазақ елі мен қазақстандық спортшы үшін үлкен мәртебе», — деді Берік Сұлтан.
Менеджер сондай-ақ бұған дейін команда екі титулдан бірдей айырылып қалу немесе ұзақ мерзімді дисквалификация алу қаупін де қарастырғанын айтты. Оның сөзінше, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде WBO ұйымы чемпиондық белбеуді қазақстандық боксшының иелігінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Еске салсақ, желтоқсан айында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өтетін біріктіру жекпе-жегі алдында Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан мельдоний табылған. Тергеу қорытындысы бойынша WBO чемпиондық титулды сақтап қалды, бірақ боксшыны бір жылға жекпе-жектерден шеттетті, ал IBF міндетті қорғауды өткізу мүмкін болмағандықтан титулдан айырды.
«Ювентус» Левандовскиді шабуылды күшейту нұсқаларының бірі ретінде қарастырып отыр
Қазақстандық спортшы ONE FC турнирінде жеңіске жетті
