Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды

Жанибек Алимханулы. Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram
Британдық боксшы Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация мерзімінде чемпиондық белбеулерінен айырылуы тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазіргі уақытта ол WBO нұсқасы бойынша уақытша титул үшін жекпе-жекке дайындалуда.
The Sun басылымына берген сұхбатында Бентли шеттету кезінде чемпион белбеуден айырылуы керек, ал жаза мерзімі аяқталған соң жаңа чемпионмен бірінші болып айқасу мүмкіндігін алуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар ол WBO уақытша титул үшін жекпе-жек тағайындағанын атап өтті және алдағы кездесуде жеңіске жетуге үміт білдірді.
4 сәуірде Лондонда The O2 Arena аренасында Бентли венесуэлалық Эндри Сааведраға қарсы орта салмақтағы WBO уақытша титулы үшін шаршы алаңға шығады. Бұл жекпе-жек ұйым тарапынан ресми түрде бекітілген.
Еске салсақ, желтоқсан айында Жәнібек Әлімханұлы мельдонийге қатысты оң нәтиже көрсеткен допинг-тест тапсырған болатын. Соның салдарынан Эрисланди Ларамен жоспарланған біріктіру айқасынан шеттетіліп, кейін 12 айлық дисквалификация алды.


