Теренс Кроуфорд мансабын аяқтау себебін түсіндірді: «Бұл спортта қол жеткізбеген мақсатым қалмады»

Теренс Кроуфорд

Фото: TKO Worldwide LLC via Getty Images

Жеңілмеген америкалық боксшы, үш салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атанған Теренс Кроуфорд кәсіби мансабын не себепті аяқтағанын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

38 жастағы спортшы бұл шешімнің басты себебі денсаулық пен спорттағы барлық мақсаттардың орындалуы екенін жеткізді.

Кроуфорд бокспен жеті жасынан бері айналысып келе жатқанын және бұл спортқа өмірінің отыз жылдан астам уақытын арнағанын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай ұзақ жылдар бойғы жоғары деңгейдегі жүктеме ағзаға өз әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан мансабын аяқтау — оның болашақтағы өмірі үшін маңызды қадам.

«Менен бұл туралы көп адам сұрайды. Мен бокспен жеті жасымнан бері айналысып келемін, қазір 38 жастамын, яғни бұл спортта 30 жылдан астам уақытым өтті. Осынша жыл бойы ағзаңызды қатты жүктесеңіз, сіз де кетер ме едіңіз? Менің мансабымды аяқтауыма себеп — осы. Бұл спортта қол жеткізбеген мақсатым қалмады.

Мен боксты жаныммен сүйдім, бірақ денсаулығымды құрбан еткім келмейді. Қайта оралсам, кіммен жұдырықтасамын? Ондай қарсылас жоқ. Ақша үшін қайта оралу ма? Мен ешқашан ақша үшін емес, өз мұрам үшін бокстастым», — деді Кроуфорд.

Мансабы барысында Теренс Кроуфорд жартылай орта, бірінші орта және екінші орта салмақ дәрежелерінде абсолютті әлем чемпионы атанды. Ол кәсіби боксты 42 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 31 кездесуді нокаутпен аяқтаған мінсіз көрсеткішпен тәмамдады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Фев - 13:34 Бокс
Теренс Кроуфорд мансабын аяқтау себебін түсіндірді: «Бұл спортта қол жеткізбеген мақсатым қалмады»
29 Янв - 13:22 Бокс
Өзбекстанның этникалық қазағы енді Қазақстан намысын қорғайды
28 Янв - 20:05 Бокс
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді