Бес қазақстандық теннисші Australian Open-2026 турнирінде бақ сынайды

Елена Рыбакина

Фото: Пресс-служба ФТК

Аустралияның Мельбурн қаласында әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі – Australian Open-2026 турнирінің іріктеу кезеңі басталды.

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасынан Дмитрий Попко өнер көрсетті. Алайда ол алғашқы айналымда Маккензи Макдональдқа (АҚШ) есе жіберді.

Нәтижесінде турнирдің негізгі кезеңінде Қазақстан атынан бес теннисші бақ сынайды. Елена Рыбакина, Александр Бублик, Александр Шевченко, Зарина Дияс және Юлия Путинцева жеңіс пен рейтингтік ұпайлар үшін күреседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар