Зайнутдиновтың алғашқы жаттықтырушысы оның Еуропада ойнау мүмкіндігін айтты

Фото: Alamy Stock Photo
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдиновтың алғашқы бапкері Рахмон Устабаев футболшының Еуропаның жетекші лигаларында ойнау әлеуетіне тоқталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның пікірінше, Зайнутдинов жоғары деңгейге шығуға қажетті мүмкіндіктерге ие.
Устабаев футболшыға шетелдік клубтардың қызығушылығы бұрыннан бар екенін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Бахтиёр жаңа деңгейде өзін көрсете алады деп сенемін. Ол ЦСКА сапында ойнаған кезде оған Шотландияның “Глазго Рейнджерс” клубы қызығушылық танытқан. Еуропадан қызығушылық әрқашан болады, ең бастысы — дұрыс таңдау жасау», — деді.
Биыл Зайнутдинов түркиялық «Бешікташттан» Мәскеудің «Динамосына» ауысып, он ойынға қатысты. Бұған дейін ол «Ростов», «Астана» және «Тараз» сапында ойнап, еурокубок матчтарына да шыққан.
Сонымен қатар «Глазго Рейнджерс» қазақстандық футболшыларға назар аударуды жалғастырып отыр. Қазіргі таңда клуб тараздық Галымжан Кенжебекті өз қатарына қосу мүмкіндігін қарастыруда.
Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы айтты
Асу Алмабаев желтоқсанда UFC чемпиондық жекпе-жегіне шығуға дайын екенін айтты
