Елена Рыбакина Эр-Риядтағы WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанды

Елена Рыбакина. Фото: ISI Photos
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №6) Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.
Елена ойын бойы сенімді өнер көрсетіп, бірінші сетте қарсыласына мүмкіндік бермеді, ал екінші партияда тай-брейкте басымдық танытты. Бұл жеңіс Рыбакина үшін маусымдағы ең ірі жетістік және мансабындағы маңызды титулдардың бірі болды.
Турнир барысында ол топтық кезеңде Аманда Анисимованы (6:3, 6:1), Ига Швёнтекті (3:6, 6:1, 6:0) және Екатерина Александрованы (6:4, 6:4) жеңіп, жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы 4:6, 6:4, 6:3 есебімен ұтты.
Осылайша, Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанып, Қазақстан теннисі тарихында бұл жетістікке жеткен алғашқы спортшы болды.



