Лас-Вегастағы бокс кешіне 70 мыңнан астам жанкүйер жиналды

Сауль Канело Альварес - Теренс Кроуфорд

Фото: TKO Worldwide LLC via Getty Images

Сауд Арабиясы Көңіл көтеру істері басқармасының басшысы Турки Әль аш-Шейх Лас-Вегаста өткен бокс кешінің рекордтық көрермен жинағанын мәлімдеді. Кештің басты айқасы Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасында өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Allegiant Stadium аренасына 70 482 жанкүйер жиналып, бұл нысан тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Кештің орталық жекпе-жегінде америкалық Кроуфорд Канелоны сенсациялық жеңіп, екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион атанды.

Андеркардта қазақстандық суперауыр салмақ өкілі Иван Дычко да өнер көрсетті. Ол кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп, 15 жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясын тоқтатты.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру