Жәнібек Әлімханұлы: «Өз атымды қалдырғым келеді»

Жанибек Алимханулы
WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзін Геннадий Головкиннің ізбасары деп атайтындарға қатысты ойын айтты.
— Головкиннің қазақ стилі маған әсер етті, бірақ менің өз жолым бар. Өзімнің ерекше стилімді қалыптастырып, тарихта өз атымды қалдырғым келеді, — деді Әлімханұлы Sports Illustrated басылымына берген сұхбатында.
Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 5 сәуірде Астанада өтеді. Ол француздық боксшы Анауэль Нгамиссенгамен жұдырықтасады.
Алдыңғы мақала:
Абылайхан Жұмабек – «Тұранның» жаңа шабуылшысыКелесі мақала:
«Челси» трансферге ең көп қаржы жұмсаған клуб атанды
