Жәнібек Әлімханұлы: «Маған үшінші белдік керек – Адамеспен ғана жекпе-жекке шығамын!»

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram

Орта салмақта WBO және IBF белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын таңдады. Отандасымыз WBC чемпионы Карлос Адамеспен жұдырықтасқысы келеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

«Қазір маған тек үшінші белдік қана маңызды! Басқа ешқандай қарсылас қызықтырмайды. Мен менеджеріме айттым – мен тек Адамеспен ғана айқасқым келеді. Енді кезек сенде, Карлос. Командаңмен ақылдасып, жекпе-жекті ұйымдастырайық. Ешқандай сылтау мен созбалаң болмасын!» – деп жазды Жәнібек.

Еске сала кетейік, 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раунда нокаутқа түсіріп, титулдарын сәтті қорғаған болатын. Енді ол абсолют чемпион болуды мақсат етіп отыр. Бұл үшін Жәнібекке WBC-тен бөлек, WBA белбеуі де қажет. Бұл титул қазір кубалық Эрисланди Лараның қолында.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады