Ямаль «Алтын доптың» басты үміткері атанды

Фото: Getty Images
«Барселона» клубының вингері Ламин Ямаль 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне басты үміткерлер тізімін бастап тұр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. 18 жастағы испаниялық футболшы маусымдағы жоғары нәтижесінің арқасында көш бастады.
Ямаль барлық турнирлерде тұрақты әрі нәтижелі ойын көрсетіп келеді. Ол 40 матчқа қатысып, 21 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген. Бұл көрсеткіштер оған әлемдік футбол жұлдыздарын басып озуға мүмкіндік берді.
Екінші орынға мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе түсті. Ол 35 матчта 38 гол соғып, алты нәтижелі пас жасаған. Үшінші орында «Бавария» ойыншысы Майкл Олисе тұр, оның еншісінде 39 матчта 16 гол және 27 нәтижелі пас бар.
Төртінші орынға тағы бір «Бавария» шабуылшысы Харри Кейн жайғасты. Ол 40 матчта 48 гол соғып, бес нәтижелі пас берген. Бестікті лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Деклан Райс түйіндейді, оның көрсеткіші — 44 матч, бес гол және 11 нәтижелі пас.
Финонченко «Шахтёрдың» бас бапкері атанды
Хамитов жалаң қолмен жұдырықтасудан жалғыз қарсыласын атады
