Уимблдон-2025: Рыбакина қанша пайда тапты

Елена Рыбакина

Фото: Пресс-служба ФТК

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон-2025 турнирін үшінші айналымда аяқтады. Ол бұл кезеңде даниялық Клара Таусонға 6:7, 3:6 есебімен жол берді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Үшінші айналымға шыққаны үшін Рыбакина 177 840 еуро көлемінде жүлде қаржысын және 130 рейтингтік ұпай алды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмен: ол 2022 жылы Уимблдон чемпионы атанып, 2024 жылы жартылай финалға дейін жеткен болатын.

Биылғы Уимблдон турнирінің жалпы жүлде қоры — 22 714 380 еуро. Жеңімпаз 3 510 000 еуро мен 2000 WTA ұпайына ие болады.

Қазіргі таңда бұл турнирдің чемпионы — WTA рейтингінде 16-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчикова.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру