WBO Жәнібек Әлімханұлын Кроуфордтың ықтимал қарсыластары қатарына қосты

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram

Әлемдік бокс ұйымы орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлын екінші орта салмақтың абсолютті чемпионы Терренс Кроуфордқа қарсылас ретінде атады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ұйымның ресми әлеуметтік желілерінде жарияланған тізімде қазақстандықтан бөлек ресейлік Дмитрий Бивол мен британдық Хамза Шираз бар.

«Жәнібек пе? Бивол ма? Әлде Шираз ба? Үш есім, үш сынақ, Кроуфордтың келесі жекпе-жегі үшін үш мүмкіндік», — делінген WBO жазбасында.

Өткен аптада Кроуфорд Сауль «Канело» Альваресті төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті чемпион атанған болатын. Кейін ол орта салмаққа түсіп, тағы бір белдікті иеленуге ниетті екенін мәлімдеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Мар - 14:01 Бокс
Қазақстандық боксшы WBC рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды
09 Мар - 09:31 Бокс
Әлімханұлы ықтимал біріктіру жекпе-жегіне дайындықты бастады
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді