Виктор Друзин әлем кубогының суперфиналында күміс медаль жеңіп алды

Виктор Друзин

Қазақстандық спортшы Виктор Друзин Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан артистік жүзуден әлем кубогының суперфиналында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ұлттық құраманың өкілі ерлер арасындағы еркін бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Еркін бағдарлама бойынша өткен жарыста Друзин 248,5525 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған күміс медаль иеленуге мүмкіндік берді. Алтын жүлдені 255,9600 ұпаймен Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин жеңіп алды. Үздік үштікті 246,2639 ұпай жинаған Италия спортшысы Филиппо Пелати түйіндеді.

Айта кетейік, бұл Виктор Друзиннің аталған турнирдегі екінші жүлдесі болды. Бұған дейін қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алып, ел қоржынына тағы бір марапат салған еді.

Артистік жүзуден әлем кубогының суперфиналы 21 маусымға дейін жалғасады. Турнирге іріктеуден өткен 22 елдің 156 үздік спортшысы қатысуда. Қазақстан намысын бұл жарыста 14 спортшы қорғап жатыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 16:30 Басқа
Журова Нидерландының ресейлік гимнасткаларға виза бермеуін сынға алды
12 Окт - 11:05 Басқа
Мария Севостьянова Париждегі таеквондодан Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
11 Окт - 08:56 Басқа
Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды
07 Окт - 16:27 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Турловпен кездесті
07 Окт - 15:15 Басқа
Қазақстан шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңдеріне құрамын анықтады
02 Окт - 09:10 Басқа
Рита Бакишева Азия ойындарында тарихи қола медаль жеңіп алды
28 Сен - 16:00 Басқа Жеңіл атлетика
Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы нәтижесі жарамсыз деп танылды
28 Сен - 15:05 Басқа
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісінен кейін қабылдады
28 Сен - 11:37 Басқа
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында тоғызыншы орынға ие болды
28 Сен - 08:30 Басқа
Қазақстан артистік жүзуден Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды