Венгриялық теннисші Фучович АҚШ-тағы ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Мартон Фучович

Фото: Puntodebreak.com

Әлемдік рейтингте 94-орында тұрған венгриялық Мартон Фучович Уинстон-Сейлемде өткен жарыста топ жарды. Финалда ол Нидерланд өкілі Ботик ван де Зандшульпті (ATP рейтингінде 92-орын) 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңді.

Шешуші кездесу 1 сағат 52 минутқа созылып, Фучовичтің пайдасына аяқталды. Осылайша қос спортшының өзара кездесулеріндегі есеп теңесті — 2:2.

Бұл жеңіс 33 жастағы теннисшіге 109 640 доллар сыйақы мен 250 рейтингтік ұпай әкелді. Фучович үшін бұл — кәсіби мансабындағы ATP деңгейіндегі үшінші кубогы. Бұған қоса, ол биыл Катарда өткен «Челленджер» турнирінде де жеңімпаз болған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру