Василий Ломаченко кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады

Василий Ломаченко

Фото: Getty Images

Үш салмақта әлем чемпионы атанған украиналық боксшы Василий Ломаченко (18–3, 12 KO) кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады.

Әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында ол Жаратқанға алғысын айтып, өз жолындағы жеңістер мен жеңілістерден сабақ алғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол әрдайым жанынан табылған әкесі мен отбасына ерекше ризашылығын білдірді.

«Боксшы өмірінде қолғапты шегеге ілетін сәт туады. Сол күн бізге де келді. Рингтегі емес, ішкі адаммен күрес – нағыз жеңіс. Ақыры соған көз жетті», – деді Ломаченко.

Ол өміріндегі ең үлкен тірегі – отбасына алғыс білдіріп, олардың қолдауы әрдайым өзіне күш бергенін айтты. «Жеңілістер де бізді шыңдады», – деп түйіндеді боксшы.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады