Үш жылдан кейін оралған Ержан Залилов даулы жекпе-жекте жеңіліп қалды

Ержан Залилов

Ержан Залилов. Фото: RCC Boxing

Қазақстандық боксшы Ержан Залилов (13-4-2, 7 KO) үш жылдық үзілістен кейін қайта рингке шықты. Ол Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен IBA.PRO 6 бокс кешінде жергілікті нокаут шебері Акмаль Убайдовпен (5-0, 5 KO) кездесіп, алты раундтық жекпе-жекте бақ сынады.

Жекпе-жек 57,2 келі салмақта өтті. Төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Убайдовқа берілді. Алайда төртінші раундта даулы жағдай тіркелді — рефери екеуін ажыратпақ болған сәтте Убайдов Залиловтың басына ауыр соққы жасады. Ержанға қалпына келу үшін бес минут уақыт қажет болды, ал қарсыласынан бір ұпай шегерілді.

Осылайша, Убайдов кәсіби мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Залилов бесінші рет жеңіліп отыр. Айта кетейік, Ержан бұған дейін Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының чемпионы атанған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Мар - 14:01 Бокс
Қазақстандық боксшы WBC рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды
09 Мар - 09:31 Бокс
Әлімханұлы ықтимал біріктіру жекпе-жегіне дайындықты бастады
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді