Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында екінші рет финалдық кезеңге шықты

Еркежан Жанатаева

Еркежан Жанатаева. Фото: ФТК

Шымкент қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогы (командалық әлем чемпионаты) Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде финалдық кезеңге өткен алғашқы құрама анықталды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан құрамасы ширек финалда Үндістаннан айласын асырды. Екі сағатқа созылған бірінші ойында Еркежан Жаңатаева камбэк жасап, Мундхе Арунды тізе бүктірді – 6:7 (3:7), 6:4, 6:3. Ал Ева Корышева Аахан Ааханға еш мүмкіндік берген жоқ – 6:1, 6:1. Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы қараша айында Чилиде өтетін финалдық кезеңге мерзімінен бұрын жолдама алды.
Бұдан бұрын 2023 жылы қазақстандық жасөспірім қыздар Испанияның Севилья қаласында өткен финалдық турнирде 9-орынға ие болған еді.

Жартылай финалда Ярослава Шведованың шәкірттері 16 мамырда Қытайлық Тайбэй командасымен кездеседі.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Мар - 09:22 Теннис
Елена Рыбакина мен Тейлор Фритц «Эйзенхауэр кубогын» жеңіп алды
03 Мар - 11:10 Теннис
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллстегі ATP 1000 турниріндегі қарсыластарын білді
03 Мар - 09:45 Теннис
Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирін Паула Бадосаға қарсы матчпен бастайды
03 Мар - 08:40 Теннис
Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турниріндегі ықтимал қарсыластарын білді
02 Мар - 15:26 Теннис
WTA жаңартылған рейтингін жариялады: қазақстандық теннисшілердің орындары
28 Фев - 12:00 Теннис
Леонардо Абоян келісілген матчтар үшін ұзақ мерзімге шеттетілді
25 Фев - 21:32 Теннис
Александр Бублик Дубайдағы ATP-500 турниріндегі жарысын аяқтады
24 Фев - 13:40 Теннис
Юлия Путинцева Меридадағы турнирдің алғашқы айналымында жеңілді
18 Фев - 19:27 Теннис
Тимофей Скатов Лилльдегі «челленджер» турнирін аяқтады
16 Фев - 15:14 Теннис
WTA Дохадағы турнирден кейінгі жаңартылған рейтингті жариялады