Тас жолдағы қасірет: Диогу Жота мен інісі жол апатынан көз жұмды

Фото: Goal.com
«Ливерпуль» мен Португалия құрамасының ойыншысы Диогу Жота жол апатынан қайтыс болды. Онымен бірге көлікте болған інісі, «Пенафиел» клубының ойыншысы Андре Силва да мерт болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Қайғылы оқиға 3 шілде күні таңертең Испанияның Самора провинциясындағы A-52 тасжолының 65-шақырымында, Паласиос-де-Санабриа елді мекенінің маңында тіркелген. Marca басылымының мәліметінше, көлікте екі бауыр бірге отырған.
Бірнеше күн бұрын Диогу Жота өзінің ұзақ жылдар бірге болған сүйіктісі Руте Кардозуға үйленген. Екеуі 2012 жылдан бері бірге тұрып келген, үш баласы бар.
Жота 2020 жылдан бері «Ливерпуль» сапында ойнады, оған дейін «Вулверхэмптон» мен «Порту» командаларында доп тепкен. Португалия құрамасы үшін 49 матч өткізіп, 14 гол соққан. Өткен маусымда ел чемпионы атанып, 37 кездесуде 9 гол мен 4 нәтижелі пас авторы болды.