Тарихи сәт: Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing ұйымының президенті атанды

Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен Конгресте Халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланды.

Ол халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы қазақстандық ретінде тарихқа енді. Өкілеттік мерзімі – үш жыл.

“Мен боксқа қатысты жолдың барлық кезеңінен өттім. Спортшы болып, Олимпиада ойындарында ел намысын қорғадым. Кейін әлем чемпионы атандым. Енді міне, спорт саласында көшбасшы ретінде қызмет етіп келемін.

Мен мұнда бокстың болашағы үшін жұмыс істеуге келдім.

Халықаралық Олимпиадалық комитеті Olympism365 комиссиясының мүшесі әрі World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы ретінде жақсы білетінім: әділ басқару – спортшыларды және біздің спортты қорғайтын басты тетік.

Бүгін біз алға қарай маңызды қадам жасап отырмыз. Біз спортшылар сенетін, Олимпиадалық қауымдастық құрметтейтін Федерацияға айналуымыз керек.

Әрбір боксшы әділ әрі қауіпсіз спортта өсіп, дамыса деймін. Біз тәуелсіз боламыз, бірақ Олимпиадалық құндылықтарды құрметтеп, әділдік, теңдік және спортшыны қорғау қағидаларына сай жұмыс істейміз.

Қолдау көрсетіп, сенім білдіргендеріңіз үшін бәріңізге алғыс айтамын”, – деді Геннадий Головкин.

Конгресс барысында World Boxing ұйымының басқару органдарына сайлау өтті. Сонымен қатар Федерация регламентіне қатысты мәселелер, халықаралық күнтізбе және ұйым құрылымын дамыту тақырыптары қаралды.

Қабылданған барлық шешім ұйым Жарғысына толық сәйкес өтті. Әр мәселе жеке дауысқа салынып, делегаттардың басым бөлігі қолдағаннан кейін ғана бекітілді. Дауыс беруге барлығы 58 ұлттық федерация өкілі қатысты.

Айта кетейік, World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған халықаралық бокс федерациясы. 2024 жылдың қыркүйегінде Геннадий Головкин ұйымның жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды.

2025 жылдың ақпанында Халықаралық Олимпиадалық комитет World Boxing ұйымын уақытша мойындап, оған боксты әлемдік деңгейде басқару құқығын берді.

Ал наурыз айында ХОК боксты Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына ресми түрде енгізу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі таңда World Boxing құрамына 136 ел кіреді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
23 Ноя - 18:48 Бокс
Тарихи сәт: Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing ұйымының президенті атанды
23 Ноя - 10:36 Бокс
Бенавидес Эр-Риядтағы кездесуде Энтони Ярдты жеңіп, WBC белдігін қорғады
22 Ноя - 17:47 Бокс
Головкин ерекше көрсеткіштің иегері атанды
21 Ноя - 09:52 Бокс
Сұлтанбек Айбарұлы Дели қаласындағы Әлем кубогының финалдық кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
20 Ноя - 18:02 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы Терренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді
19 Ноя - 12:57 Бокс
Каирде өткен Ангелина Лукас жекпе-жегінің нәтижесі анықталған бұзушылықтардан кейін күшін жойды
17 Ноя - 08:18 Бокс
Айдос Медет АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен жеңіске жетті
16 Ноя - 17:14 Бокс
Базров Рахмонов пен Махачев арасындағы жекпе-жек мүмкіндігі туралы пікір білдірді
15 Ноя - 14:05 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта абсолют чемпион атануды мақсат етіп отырғанын мәлімдеді
15 Ноя - 08:55 Бокс
Ангелина Лукас Каирде өткен титулдық жекпе-жекте кәсіби рингтегі екінші жеңілісін қабылдады