Скатов Бонн турнирінің финалына жолдама алды

Тимофей Скатов

Фото: Icon Sport via Getty Images

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (ATP рейтингінде 308-орын) Германияның Бонн қаласында өткен турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жартылай финалда ол екінші нөмірлі қатысушы, бельгиялық Рафаэль Коллиньонды (107-орын) 6:4, 4:6, 7:5 есебімен жеңді. Ойын 2 сағат 49 минутқа созылды. Коллиньон жарыстың басты фавориттерінің бірі саналған еді.

Шешуші кездесуде Скатов 185-орында тұрған Юрий Родионов пен 342-орындағы Джоэл Шверцлер арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі. Турнирдің жүлде қоры – 91 250 еуро, ал чемпион 12 980 еуро және 75 рейтингтік ұпай еншілейді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру