Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі болашағы жайлы қауесет тарады

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC

Ресейлік Telegram-арналарда қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC ұйымынан кетуі мүмкін екені жөнінде хабар тарады, деп жазады Pin-UpSport.kz.

«Колос» арнасының авторы Владимир Колос: «Шавкат Рахмонов UFC-пен қош айтысып жатыр» деп жазды. Блогер қазір Лас-Вегаста жүр және 4 қазанда өтетін UFC 320 турнирін жариялауды жоспарлап отыр. Бірақ ол бұл тақырыпқа қатысты нақты мәлімет бермеді.

Ал Dar Team командасы бұл қауесетке түсініктеме беруден тартынды. «Шынымды айтсам, бізде бұл туралы ешқандай ақпарат жоқ», – деді Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров. Дегенмен команданың ресми парақшасында Шавкаттың жаттығу жасап жатқан сәттері жарияланды.

Еске сала кетсек, Рахмонов соңғы рет UFC октагонына 2024 жылдың желтоқсанында шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген еді. Мамыр айында ол тізесіне ота жасатып, қазір оңалту кезеңінен өтуде. Сарапшылардың айтуынша, 2025 жылы Шавкаттың октагонға оралуы екіталай.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Фев - 16:06 ММА
Артем Резников ACA 200 турниріндегі жеңілістен кейін мәлімдеме жасады
08 Фев - 11:34 ММА
Николай Веретенников UFC Fight Night 266 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті
08 Фев - 08:39 ММА
Азат Мақсұм мен Рамазонбек Темиров Ташкенттегі турнирде тең түсті
05 Фев - 16:45 ММА
Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюті алдында допинг-бақылаудан өтті
04 Фев - 11:12 ММА
UFC Fight Night 268: Морено Асу Алмабаевтың орнына Каванамен кездеседі
03 Фев - 08:57 ММА
Асу Алмабаев UFC Mexico турнирінің басты жекпе-жегінен жарақатына байланысты шығып қалды
01 Фев - 18:25 ММА
Дастан Амангелді «Oktagon» промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегін жеңіспен бастады
01 Фев - 14:01 ММА
Шавкат Рахмонов операциядан кейін үзіліс алатынын мәлімдеді
01 Фев - 10:12 ММА
Шавкат Рахмонов тізесіне операция жасатып, шамамен бір жылға қатардан шықты
29 Янв - 18:35 ММА
Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі мамыр немесе маусым айларына жоспарлануы мүмкін