Шавкат Рахмонов титулсыз жекпе-жекке шығудан бас тартты

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC

UFC-дің жартылай орта салмағындағы рейтингте үшінші орында тұрған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында «Номад» лақапатты спортшы титулсыз жекпе-жектерге қызықпайтынын айтты. «Махачев пен Маддалена арасындағы жекпе-жектің нәтижесін күтемін. Жеңімпаз кім болса, сонымен белдік үшін айқасамын. Егер күту керек десе – күтемін, бірақ тек белдік үшін ғана шығамын», – деді Шавкат.

Айта кетейік, Махачев пен Маддаленаның жекпе-жегі әлі ресми түрде бекітілген жоқ. Алайда ол қазан айындағы UFC 321 турнирінде немесе қарашада Нью-Йорктегі UFC 322 кешінде өтуі мүмкін. Бұған дейін Шавкат Рахмонов чемпиондық белдік үшін Белал Мұхаммедпен жұдырықтасуы тиіс еді. Бірақ бұл айқас екі рет кейінге шегерілді: алдымен америкалық бас тартты, кейін Рахмонов жарақатына байланысты шегінді.

Нәтижесінде, Шавкаттың орнына Делла Маддалена шығып, Мұхаммедті жеңіп, чемпион атанды. Ал Рахмонов желтоқсанда Иэн Гэрриді жеңіп, жеңіліссіз сериясын 19 жекпе-жекке жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Фев - 11:12 ММА
UFC Fight Night 268: Морено Асу Алмабаевтың орнына Каванамен кездеседі
03 Фев - 08:57 ММА
Асу Алмабаев UFC Mexico турнирінің басты жекпе-жегінен жарақатына байланысты шығып қалды
01 Фев - 18:25 ММА
Дастан Амангелді «Oktagon» промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегін жеңіспен бастады
01 Фев - 14:01 ММА
Шавкат Рахмонов операциядан кейін үзіліс алатынын мәлімдеді
01 Фев - 10:12 ММА
Шавкат Рахмонов тізесіне операция жасатып, шамамен бір жылға қатардан шықты
29 Янв - 18:35 ММА
Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі мамыр немесе маусым айларына жоспарлануы мүмкін
28 Янв - 14:46 ММА
Жалғас Жұмағұлов Шавкат Рахмоновтың октагонға оралу уақыты туралы пікір білдірді
27 Янв - 08:15 ММА
Mangu MMA лигасында Азат Мақсұм мен Рамазан Темиров титул үшін кездеседі
23 Янв - 14:07 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin 52 турнирінде Жапонияда жекпе-жек өткізеді
22 Янв - 21:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов UFC-ке қайта оралу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр