Шавкат Рахмонов биыл чемпиондық белбеу үшін айқасуды көздеп отыр

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық Шавкат Рахмонов 2025 жылдың соңына дейін октагонға оралуды және бірден чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазіргі таңда 30 жастағы файтер тізе жарақатынан кейінгі оңалудан өтіп жатыр. «Вестник ММА» басылымына берген сұхбатында Шавкат: «Ең бастысы — жарақат мазаламаса болғаны. Қалпыма келсем, бірден белбеу үшін жұдырықтасқым келеді. Биыл айқасуға ниеттімін», — деді.

Айта кетейік, бұған дейін Рахмоновтың UFC 310 турнирінде Белал Мұхаммедпен кездесуі жоспарланған еді. Алайда қарсылас жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Соның орнына Шавкат Иан Мачадо Гарримен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Оның көрсеткіші — 19 жеңіс, бірде-бір жеңіліс жоқ.

Осы аралықта полусред салмақтағы чемпиондық белбеу Джек Делла Маддаленаға өтті. Сондай-ақ дивизионда Ислам Махачев, Камару Усман мен Шон Брэди сынды жаңа үміткерлер пайда болды

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Фев - 11:12 ММА
UFC Fight Night 268: Морено Асу Алмабаевтың орнына Каванамен кездеседі
03 Фев - 08:57 ММА
Асу Алмабаев UFC Mexico турнирінің басты жекпе-жегінен жарақатына байланысты шығып қалды
01 Фев - 18:25 ММА
Дастан Амангелді «Oktagon» промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегін жеңіспен бастады
01 Фев - 14:01 ММА
Шавкат Рахмонов операциядан кейін үзіліс алатынын мәлімдеді
01 Фев - 10:12 ММА
Шавкат Рахмонов тізесіне операция жасатып, шамамен бір жылға қатардан шықты
29 Янв - 18:35 ММА
Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі мамыр немесе маусым айларына жоспарлануы мүмкін
28 Янв - 14:46 ММА
Жалғас Жұмағұлов Шавкат Рахмоновтың октагонға оралу уақыты туралы пікір білдірді
27 Янв - 08:15 ММА
Mangu MMA лигасында Азат Мақсұм мен Рамазан Темиров титул үшін кездеседі
23 Янв - 14:07 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin 52 турнирінде Жапонияда жекпе-жек өткізеді
22 Янв - 21:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов UFC-ке қайта оралу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр