Самородов ЦСКА қақпасына гол соқты: «Ахмат» маңызды ұпайға қол жеткізді

Максим Самородов

Максим Самородов. Фото: fc-akhmat.ru

Ресей чемпионатының 27-турында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов өнер көрсететін «Ахмат» өз алаңында ЦСКА командасымен 1:1 есебімен тең ойнады.

Кездесу барысында есепті 9-минутта Секу Койта ашқан болатын. Бірақ 33-минутта Самородов таразы басын теңестірді. 84-минутта Максим алаңнан алмастырылды.

Бұл тең ойын ЦСКА-ға үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берсе, «Ахмат» 24 ұпаймен 13-орынға жайғасты. Биылғы маусымда Самородов барлық турнирде 27 матч өткізіп, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру