Рыбакина WTA рейтингінде 10-орынды сақтап қалды

Елена Рыбакина

Фото: Getty Images

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңа рейтингті жариялады. Қазақстандық Елена Рыбакина үздік ондықтағы орнын сақтап, 10-орында тұр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жаңартылған тізімнің көш басында өзгеріс жоқ: бірінші орында – Беларусь өкілі Арина Соболенко, екінші орында – Польшадан Ига Швёнтек, үшінші орында – АҚШ спортшысы Кори Гауфф. Қазақстандық Юлия Путинцева бір саты төмен түсіп, 61-орынды иеленді.

Жұптық рейтингте де алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: Тейлор Таунсенд (АҚШ), Катержина Синякова (Чехия) және Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия). Қазақстандық Анна Данилина бір орынға төмендеп, 13-ші сатыға түсті. Путинцева 107-орында болса, Жібек Құламбаева 19 сатыға көтеріліп, 109-орынға табан тіреді. Ал Рыбакина екі орын төмен түсіп, қазір 265-ші орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру