Әмір Омарханов Тунистегі турнирінің чемпионы атанды

Амир Омарханов

Фото: пресс-служба ФТК

18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов (ATP live-рейтингісінде 643-орын) Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 сериялы турнирінің жеңімпазы атанды. Осы табысынан кейін отандасымыз кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде өз көрсеткішін айтарлықтай жақсартты.

Турнирдің бас жүлдесі сарапқа салынған шешуші матчта Омарханов жарыстың басты фавориті, түркиялық Мерт Алкаямен (383-ші ракетка) кездесті. Үш сетке созылған тартысты бәсеке 7:5, 1:6, 7:5 есебімен Әмірдің жеңісімен аяқталды. Бірінші партияда басым түскен қазақстандық спортшы екінші кезеңде есе жібергенімен, шешуші сәтте қайсарлық танытып, жеңісті жұлып алды.

Бұл жетістік Омархановқа кәсіби мансабындағы төртінші титулын сыйлады. Бұған дейін Әмір Тунистегі турнирлердің жекелей және жұптық сынында үздік шықса, Испанияның Манакор қаласында өткен жарыста жұптық сында топ жарған болатын.

Соңғы жаңалықтар
06 Окт - 13:45 Теннис
Григорий Ломакин Униндегі «Челленджер» турнирінің ширек финалына шықты
06 Окт - 12:05 Теннис
Тимофей Скатов Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады
06 Окт - 11:20 Теннис
Мирра Андреева Бейжіңдегі WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты
05 Окт - 15:46 Теннис
Александр Шевченко Шанхайдағы ATP-1000 турниріндегі жолын аяқтады
05 Окт - 13:27 Теннис
Тимофей Скатов Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің іріктеу финалына шықты
02 Окт - 15:05 Теннис
Путинцева мен Данилина Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
01 Окт - 10:45 Теннис
Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
30 Сен - 14:15 Теннис
Юлия Путинцева мен Александр Шевченко Азия ойындарының жартылай финалына өтті
28 Сен - 12:05 Теннис
Жібек Құламбаева мен Соня Жиенбаева жұптық жарысты жеңіспен бастады
26 Сен - 13:45 Теннис
Александр Бублик Лэйвер кубогындағы алғашқы матчында жеңіліске ұшырады