Рыбакина Вашингтон турнирінің финалына жете алмады

Елена Рыбакина

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол бұл кезеңде канадалық Лейла Фернандеспен (36-орын) кездесіп, тартысты үш сеттен кейін 6:7, 7:6, 6:7 есебімен жол берді. Финалда Фернандес ресейлік Анна Калинская мен Ұлыбританиядан келген Эмма Радукану арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Турнир барысында Рыбакина канадалық Виктория Мбоконы (6:3, 7:5) және польшалық Магдалена Фрехті (6:3, 6:3) жеңіп, жартылай финалға жеткен еді. Биылғы жарыстың жүлде қоры — 1 282 951 доллар. Жеңімпаз 197 570 доллар мен 500 рейтингтік ұпай иеленеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру